"Көгездің этно ауылы" ЖШС
Добро пожаловать в мир уюта и экзотики!
Қош келдіңіздер жайлылық пен экзотика әлеміне!
Отдых в натуральных юртах, питание в ресторане от профессионального повара, конные,пешеходные и вело прогулки с посещением останцевых гор, долины с каменными конкрециями, подземных мечетей.
Табиғи киіз үйлерде демалу, кәсіби аспаз дайындаған мейрамхана тағамдары, ерекше көркем жерлерге – мүсінді тауларға, тас конкрециялар алқабына, жерасты мешіттеріне атпен, жаяу және велосипедпен саяхаттар ұйымдастырылады.
Біздің компания 2016 жылдың басында үш белсенді кәсіпқой маманның күш-жігерімен құрылды. Өз идеяларын жүзеге асыра білетін жандардың еңбегімен бір жылдың ішінде этно ауылдың іргетасы қаланды.
Барлық глэмпинг стандарттарына сай, әрі ең маңыздысы – қазақтың ұлттық дәстүрлеріне толық сәйкес келетін киіз үйлі кемпинг Этно ауыл Көгез Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының орталық бөлігінде орналасқан.
Бізде Сіз мыналарды ұйымдастыра аласыз:
  • Отбасылық демалыс
  • Достық басқосулар
  • Корпоративтік іс-шаралар
  • Спорттық шаралар
  • Үйлену тойлары
  • Туған күндер
  • Және басқа да кез келген мерекелік іс-шаралар
Бізде демалып жатқанда ештеңеге алаңдамайсыз – Сіздің жайлылығыңыз үшін барлық қажетті жағдайлар алдын ала қарастырылып, бағаға енгізілген. Айта кету керек, біздің бағалар да Сізді қуантатыны сөзсіз – қолжетімді бағамен еуропалық деңгейдегі экологиялық демалыс!
Компания туралы
БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:
1
Бірегей орналасу орны
Этноауыл Көгез Маңғышлақ түбегінің дәл ортасында, таулы аймақта, Маңғыстаудың танымал туристік бағыттарының тоғысқан жерінде орналасқан. Этноауылдан 80 км радиуста шамамен 30 ең танымал табиғи және тарихи орындар бар: көркем каньондар, құпия жерасты мешіттері мен қорымдар, ерекше пішінді мүсінді таулар, бірегей геоглифтер және жұмбақ лабиринт.
2
Шөлді аймақтағы жайлылық
Этноауыл кез келген саяхатшыға қолайлы жағдай жасайды – экстремалды шытырман оқиғаларды ұнататындарға да, белсенді саяхат пен жайлылықты қатар бағалайтындарға да. Табиғи киіз үйлер ұлттық дәстүрлерге сай безендіріліп, заманауи жайлылық талаптарына толық сәйкес келеді. Ұқыпты төсек-орын, дәмді мейрамхана тағамдары, табиғи материалдардан жасалған киіз үйлердің жайлы атмосферасы, таза ауа және қалалық шудың болмауы – мұның барлығы сізге ерекше демалыс сыйлайды.
3
Ұлттық нақыш
Табиғи киіз үйлер туристерге көшпенділердің тұрмысын сезініп, олардың өзіндік мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Қазақ халқының бай дәстүрлері, ұлттық өрнектермен безендірілген интерьер, шығыс экзотикасының ерекше дәмі, ұлттық музыка мен бидің үйлесімі, ұлттық ойындар мен жарыстар сіздің демалысыңызды ұмытылмастай етеді.
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ
Өзіңізге мінсіз демалысты таңдаңыз!
Copyright © 2019 - 2025
"Көгездің Этно Ауылы" ЖШС