"Көгездің этно ауылы" ЖШС
ЭКСКУРСИЯЛАР
ФОЛЬКЛОР КЕШІ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР
САЯБАҚ
ЖҮЗУ БАССЕЙНІ
ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕР
«Қазақтың киіз үйінің шаңырағы астында» экскурсиясы – көшпелілердің баспанасын жасаудағы адамзат жетістіктерінің шыңы саналатын, ерекше тұрғын жай туралы экскурсоводтың қызықты әңгімесін тыңдау мүмкіндігі.

Бұл – киіз үйдің қарапайымдылығы, ықшамдылығы, кеңдігі мен жайлылығы жағынан ең үздік көшпелі баспана екеніне көз жеткізудің бірегей мүмкіндігі. Киіз үй табиғи материалдардан – жүн, киіз, ағаш пен былғарыдан жасалған. Бұл – көшпелі мәдениеттің бесігі саналған баспана, ол бүгінгі күнге дейін өз
маңызын жоғалтқан жоқ.
Этноауыл – фольклор кешінде ұлттық музыка мен бидің ерекше атмосферасына ену мүмкіндігі.
Нағыз толқуды сезініп, қазақтың ұлттық ат спорты ойындарындағы жарыстарды тамашалауға немесе қыранмен аң аулаудың көз тартарлық көрінісіне куә болуға мүмкіндік бар.
«Маңғыстаудың марстық пейзаждарын» аралаған ұзақ жолдан кейін саяхатшыны жасыл желекке оранған саябақ жағымды әсерге бөлейді. Мұнда 1000-нан астам жеміс, қылқан жапырақты және сәндік ағаштар отырғызылған. Саябақта гүлді аллеялар, сәндік тоғаны мен субұрқағы, сондай-ақ шағын сарқырамасы бар. Дәл осы жерде киіз үйлер мен шығыстық стильде безендірілген беседелері бар демалыс аймағы орналасқан.
Айта кетейік, саябақ аумағындағы барлық жолдардың жалпы ұзындығы – 4 км.
Жаздың ыстық күндерінде жұмыс істейтін шағын ашық жүзу бассейні
шынайы қуаныш сыйлайды.
Іс-шараларды ұйымдастыру
Туристік, спорттық, тақырыптық слеттер, форумдар, карнавалдар, ән байқаулары мен басқа да шығармашылық конкурстарды өткізу.
Денсаулық күндері мен оңалту бағдарламаларын ұйымдастыру.
Әртүрлі конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру.
Арнайы тренингтерді өткізу.

Жалға беру қызметтері
Фотосессия өткізу үшін киіз үйлерді жалға беру.
Тамақтану ұйымдастыру үшін киіз үйлерді жалға беру.
Туристік жабдықтарды жинақтап жалға беру
(палатка, ұйықтағыш қап, каримат).
Скандинавиялық жүріс таяқтарын жалға беру.
Copyright © 2019 - 2025
"Көгездің Этно Ауылы" ЖШС